28-30 ҚАЗАН
VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМ
Астана, «Тәуелсіздік сарайы»

Ең үздік инвестициялық жоба байқауы

«Astana Invest 2015 форумының ең үздік инвестициялық жобасы» сырттай конкурсын өткізу

Ережесі

1. Осы Ереже ІV Халықаралық инвестиция форумы аясында Астана қаласында 2015 жылдың 29 қазанында өтетін «Astana Invest 2015 форумының ең үздік инвестициялық жобасы» (ары қарай – конкурс) сырттай конкурсын өткізу және ұйымдастыру талаптарының тәртібін айқындайды.

2. Конкурсты Астана әкімшілігінің қолдауымен Astana Invest 2015 ұйымдастыру комитеті өткізеді. Форумға дайындалу және өткізуге байланысты іс-шаралар жиынтығын тікелей жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитетінің штаб-пәтері құрылады (байланыс мәліметтері – Қазақстан, Астана қ-сы, Сейфуллин 30 көшесі,  тел. 8 (7172) 55 41 96, ұялы тел. 8 701 999 62 59, e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.)

3. Конкурсты өткізу үшін құрамына әділетті төрешілік жасауға дағдысы мен тәжірибесі, кәсіби білімдері бар сарапшылар кіретін әділқазылар алқасы құрылады.

4. Конкурс мақсаттарына мыналар кіреді: форум аясында өтетін көрмеге қатысу үшін, осы конкурс талаптарына жауап беретін инвестициялық жобаларды іріктеу; осы конкурс талаптарына жауап беретін, «Астана – жаңа қала» (ары қарай – АЭА) арнайы экономикалық аймақ үшін инвестициялық жобаларды іріктеу; инвесторлар іздеу және перспективалық инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда кәсіпкер-бастамашыларға қолдау көрсету.

5. Конкурс мынадай санаттар бойынша өткізіледі: «Астана қаласының үздік инвестициялық жобасы» және «Астана – жаңа қала» АЭА үздік инвестициялық жобасы».

6. Конкурс бір кезеңде өткізіледі: сырттай. Конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде www.astanainvest.kz сайтына тіркелу, «Ең үздік инвестициялық жоба конкурсы» бөлімінде өтініш толтыру және Microsoft PPT форматында, ағылшын және орыс тілдерінде жоба презентациясын дайындау (презентацияда жобаның бастамашы-компаниясы туралы ақпарат, байланыс мәліметтері, жобаны жүзеге асырудың мәні мен маңызы, бірегейлігі, бәсекелестік басымдылықтары, әлеуметтік әсері, дайындық деңгейі, қаржыландыру және т.б. негіздерінің болуы) қажет.

7.Конкурстық жұмыстарды өткізу тәртібі және мерзімі:

7.1. www.astanainvest.kz  сайты арқылы өтініштерді тіркеу 2015 жылдың «5» қазанына дейін өтетін болады.
7.2. Өтініштерді www.astanainvest.kz  сайты арқылы тіркеу – Конкурс талаптарымен келісу дегенді білдіреді.

8. «Астана қаласының ең үздік инвестициялық жобасы» санатындағы жобаларды іріктеу критерийлері (өлшемдері).

8.1. www.astanainvest.kz  сайтындағы дұрыс толтырылған өтініш шаблоны.
8.2. Жоба басым қызмет түрлеріне сәйкес болуы қажет;
8.3. Жоба бастаушысы нарықта үш жылдан артық мерзімде қызмет атқаруы, сонымен қатар жобаны жүзеге асыруға белгілі бір дайындықтарда болуы тиіс (мысалы, жеке  қаржыландыру негіздерінің жоба құнынан 15% кем болмауы; жобаны жүзеге асыруға арналған кейбір негізгі құралдардың болуы (техника, жабдық, жер, ғимарат; патенттер, лицензиялар мен басқалардың болуы).

9. «Астана – жаңа қала» АЭА үздік инвестициялық жобасы» санатындағы жобаларды іріктеу критерийлері.

9.1. www.astanainvest.kz  сайтындағы дұрыс толтырылған өтініш шаблоны.
9.2. «Астана – жаңа қала» АЭА құру мақсаттарына жауап беретін барлық қызмет түрлеріне сәйкес болуы қажет (қосымша 1).
9.3. Жоба бастамашысы «Астана – жаңа қала» АЭА конкурсына қатысуға өтініш білдіргендерге қойылатын барлық талаптарға сай болуы қажет (қосымша 2).
9.4. Жоба бастамашысы Астана қаласы әкімшілігінің Координациялық кеңесінен «Астана – жаңа қала» АЭА аумағында жер телімін беру туралы ұсыныс алуы қажет.

10. Қорытындыларды жинақтау:

10.1. Кәсіби әділқазылар жобаларды бағалап, «Астана қаласының  ең үздік инвестициялық жобасы» санаты бойынша 20 (жиырма) жобаны анықтайды және форумның ұйымдастыру комитеті көрмелер үшін жобаларға арналған ақпараттық стенд дайындайды;

10.2. Астана қаласының әкімшілігі жанындағы Координациялық кеңес жүргізген қорытындылар бойынша, ұйымдастыру комитеті «Астана – жаңа қала» АЭА өтініш берушілерінің жобаларын іріктеп, форум уақытындағы марапаттау рәсімінде «Астана – жаңа қала» АЭА қатысушыларына сертификаттар табыстайды.
10.3. Конкурс қорытындылары форумның ұйымдастырушылар сайты мен БАҚ-та жарияланатын болады. 
10.4. Форумды өткізу уақытында жеңімпаздар туралы ақпарат (9.1 және 9.2 бөлімдерін қарау) форумның үлестірмелі материалдарында көрсетілетін болады.

11. Ұйымдастырушылар конкурсқа жіберілген материалдарды коммерциялық емес мақсатта пайдалану; конкурс материалдарының авторын көрсете отырып, форумның жарнама мақсаттарында пайдалану құқығын өзіне қалдырады.


«Astana Invest 2015 форумының ең үздік инвестициялық жобасы» сырттай конкурсын өткізу Ережесіне Қосымша 1

«Астана – жаңа қала» АЭА аумағындағы басым қызмет түрлеріне мыналар жатады:

1) басқа да металдық емес минералды өнімдерді шығару;
2) машиналар мен құралдарды өндіру; 
3) тұрмыстық электр құрылғыларын өндіру ; 
4) резина және пластмассалық бұйымдарды өндіру ; 
5) химиялық өнеркәсіп өнімдерін шығару; 
6) металлургиялық өнеркәсіп ; 
7) электр жабдықтарын өндіру, соның ішінде электрлі жарықтандыру жабдығын;

8) жарықтандыру құралдарына арналған шынылы қосымшаларды өндіру; 
9) тамақтану өнімдерін шығару; 
10) ағаш массасын және  целлюлозаны, қағаз бен картонды өндіру; 
11) мүлік жасап шығару; 
12) автокөлік құралдарын, трейлер мен жартылай тіркемелерді жасап шығару;
13) темір жол локомотивтері мен жылжымалы құрамды өндіру;

14) әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын өндіру; 
15) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен дәрілерді өндіру ; 
16) электронды бөлшектерді жасап шығару; 
17) Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерінің, әкімшілік және тұрғын үй кешендерінің құрылысы және пайдалануға беру;
18) ауруханалар, емханалар, мектептер, балабақшалар, мұражайлар, театрлар, жоғары және орта оқу орындары, кітапханалар, оқушылар сарайы, спорт кешендерінің жобалық-құрылыстық құжаттамаға сәйкес құрылысы және падалануға берілуі.

«Astana Invest 2015 форумының ең үздік инвестициялық жобасы» сырттай конкурсын өткізу Ережесіне Қосымша

 Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 21 шілдесіндегі № 469-IV «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» заңының 9 және 10 баптарына сәйкес,  «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде тіркелуге қажетті құжаттар тізімі мен талаптар

1. Өтініш берушінің қызметі арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асырылатын қызмет түрі мен мақсатына сәйкес келуі керек.

2. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қатысушы ретінде қызметін жүзеге асыруға өтініш беруші – техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес келетін, айналымнан алынбаған ақшалай қаражатқа, басқа да мүлікке ие болуға тиіс.

3. Өтінішке келесі құжаттар қағаз және (немесе) электронды тасымалдағыш қоса беріледі:

1) уәкілетті орган бекіткен форма бойынша өтініш беруші анкетасы;
2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеу) өтуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) өтініш берушінің бірінші басшысының жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) 2012 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салық төлеушінің куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап сәйкестендіру номері бар құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) заңды тұлға жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

6) арнайы экономикалық аймақ аумағындағы қызметін жүзеге асыру туралы жоғары орган шешімінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
7) өтініш берушінің бірінші басшысымен немесе оны алмастыратын тұлғаның, сонымен қатар бас бухгалтердің (бухгалтердің)  қолы қойылған  соңғы есеп беру мерзіміне арналған қаржылық есеп беру көшірмесі;
8) өкілетті органдармен бекітілген талаптарға жауап беретін, жобаның техникалы-экономикалық негіздемесі;
9) қызмет көрсетуші банктен алынған, өтініш берушінің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы көшірме (картотеканың жоқ болуы) және кредиттік тарихындағы толық немесе жартылай ақпараттар туралы мәліметтері бар кредит бюросынан кредиттік есеп;
10) салық немесе басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке қарызы бар немесе жоқтығы туралы тіркелген есеп орны бойынша салық қызметі органынан тіркеу анықтама:
11) қаржылық қамтамасыз етілгендікті растайтын құжат (есептеме шотынан анықтама сақтандыру келісімшарты, кепілдік беру келісімшарты немесе банк кепілдемесі).

Қатысу
Для участия в мероприятии
необходимо зарегистрироваться

Модераторлар

  • Джим Роджерс
  • Асет Исекешев
  • Санжар Кеттебеков
  • Leland Rice
  • Ален Годри

Спикерлер

  • Кортни Фингар
  • Ксавьер Сала-и-Мартин
  • Маниш Касливал
  • Рахул Гупта
  • Билл Хатчисон
  • Дуглас ван ден Берге
  • Нурали Алиев
  • О Туан Ки
  • Доминик Меню
  • Мишель Т. Дэвис
  • Майкл Тэй
  • Иоланта Стрикица
  • Сиддик Хан
  • Клод Бадан
  • Сергей Хорошун
  • Мохамед Мезгхани
  • Косман Айтмухаметов
  • Асет Исекешев
  • Дзоу Сы И
  • Тимур Баиров
  • Wilfred Loo
  • Shigeo Katsu
  • Золтан Варга
  • Эрай Юскек
  • Талгат Данияров
  • Фрэнк Лэтт
  • Роберто Валфрé Ди Бонзо
  • Франко Газзотти
  • Паскаль Мерсье
  • Инчи Догусан
  • Эд Плева
  • Евгений Аманбаев
  • Андрей Беклимишев
  • Владимир Туреханов
  • Ахметжан Есимов
  • Томас Селуччи
  • Мэтью Лусье
  • Дино Мешанович
  • Санжар Елубаев
  • Махеш Сешадри
  • Адильбек Джаксыбеков
  • Аббас Офаринов
  • Петр Романовский
  • Адил Ал Заруни
  • Мейрам Пшембаев

Коучтар

  • Кьелл Нордстрем
  • Сергей Макаров
  • Дуглас ван ден Берге