Дуглас ван ден Берге (Ғылымдар Докторы) – Инвестициялар және Консалтинг жөніндегі Қауымдастықтың басшысы әрі негізін қалаушысы болып табылады. Аталмыш Қауымдастықтың бүкіл әлем бойынша серіктес-кеңселері бар, негізгі кеңселеріАмстердам және Бостон қалаларында орналасқан. Сондай-ақ ол www.locationselector.com (EIU экономикалық ақпаратты барлау бөлімінің қолдауымен) жәнеwww.ICAincentives.com(қазіргі уақытта www.IncentivesMonitor.com деп аталады) веб-негіздеріндегі тікелей шетелдік инвестициялардың екі ақпараттық өнімінің негізін салушы болып табылады.
Бергенің Роттердамдық менеджмент мектебі – Эразмус Роттердам Университетінің іскерлік басқару саласындағы докторлық дәрежесі бар, оған дейін ол ЮНКТАД жанындағы «Ernst & Young» компаниясының экономикалық мәселелері жөніндегі директоры болды.Менеджмент және стратегия бойынша кеңесші ретінде ол көптеген корпоративтік клиенттерге ғаламдық инвестициялықстратегияларын сәттіжүзеге асыруға, олардың орналасуын таңдауға, сондай-ақ бүкіл дүние жүзі бойынша ғаламдық жеткізу тізбектерін оңтайландыруға жәрдем берді. Shell, Philips, Electrolux, HB Fuller, Appvion, John Deere, Johnson Controls, Knowles, Appnovation Technologies, және INGсияқты компаниялар оның корпоративтік клиенттері болып табылады.
Доктор Берге тікелей шетелдік инвестициялар, орналасу стратегиялары және оффшорлы стратегиялар, инвестициялық жеңілдіктер, арнаулы экономикалық аумақтар және экономикалық даму мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін тікелей шетелдік инвестициялар саласындағы саясатты әзірлеу тәсілдері бойынша жетекші әлемдік сарапшылардың бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта Дуглас көптеген елдерге инвестициялар жәнежеңілдік саясаты мен еркін аймақтар мәселелері бойынша перспективті және шекаралық нарықтарға кеңес береді.
Ол сондай-ақ ICA жанындағы FDI executive™ тікелей шетелдік инвестициялар бойынша оқу бағдарламаларының негізін қалаушы болып табылады.Дуглас бүкіл әлем бойынша көптеген конференциялардың шақыртылатын баяндамашысы болып табылады, оның ішінде: Инвестициялар бойынша ЮНКТАД Форумы, Инвестициялар бойынша жыл сайынғы мәжілістер (AIM), Жыл сайынғы экономикалық даму халықаралық бөлімінің конференциясы (IEDC), Тікелей шетелдік инвестициялар бойынша дүниежүзілік форумы,CAIPA инвестициялар форумы, Дүниежүзілік Еркін аймақтар съезі және басқа да көптеген конференцияларға қатысқан.





















































