Целиноград инженерлік-құрылыс институтының және Қазақ мемлекеттік заң академиясының түлегі.
«АПС» ШЖК Директоры, «Қалалық коммуналдық шаруашылық» МКК директорының орынбасары, директоры, «Астана «Қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ Басқармасының төрағасы; «Кредит Құрылыс НС» ЖШС директорының орынбасары, «Астана Қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ Басқармасының Төрағасы. 2009 жылдан 2014 жыл аралығында Ақмола облысы әкімінің орынбасары және әкімі болып жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Вице-министрі, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы лауазымдарын атқарды.
2014 жылғы қарашадан – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
«Астана қаласының 10-жылдығы», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Құрмет» орденімен марапатталған.





















































