Майкл Тэйдің өмірлік жолы дипломат мансабынан кәсіпкерге дейін өзгерген. Ол өзін күш-қуатқа толы және шығармашыл тұлға ретінде танытады, мұнысымен тез өзгеретін заман талабына сай өзекті болуға, айтарлықтай өзгерістерге итермелейтін «үлкен идеяларды» ілгерілетуге тырысады. Саясатта өзіндік орны бар, жоғары лауазымдарды атқарған: аймақтық ықпалды ұйым APEC (Азиялық-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық) атқарушы директоры және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Ассоциаициясында (АСЕАН) Сингапур атынан директор болған.
Тэй мырза 2006 жылы Сингапурдың Ресейдегі елшісі болған кезінде "Россия-Сингапур" Бизнес форумын ұйымдастырды, аталмыш форум көптеген елдер үшін жалғыз бизнес-платформаға айналды. Ол форумға жетекшілік еткен 8 жыл ішінде форум құрамы әлемнің 40 елінен келген 1000 бизнесменге дейін жетіп, Ресей/ТМД мен Сингапур арасындағы байланыстар сипатына оң әсерін тигізді.
Ресей мен Сингапур арасындағы мәдени байланыстарға қосқан үлесі үшін 2011 жылы Ресей Президенті оны Пушкин медалімен марапаттады. Майкл Тэй Сингапурда өтетін жылсайынғы «SingJazz» джаз фестивалінің, сондай-ақ Өнер Қорының негізін қалаушы, өнер әлеміндегі венчурлық инвестор болып табылады.





















































