Монумент ұшар басында аңыз құс – Самұрықтың алтын түстес бояумен әрленген мүсіні орнатылған және діңгектің негізіндегі төрт қола барельефі: «Қазақстанның Тұңғыш Президенті және халқы», «Қаһармандық», «Жасампаздық» және «Болашақ» жайғасқан ақ түсті колонна түрінде жасалған. Самұрық құсы қазақстандықтардың жарқын болашаққа деген ұмтылыстарын паш етеді. Монументтің мәрмәрдан құйылған дінгегі төрт бұрышты негізге орнатылған. Дінгектің төрт жағының негізінде тәуелсіз мемлекет тарихының негізгі кезеңдерін сипаттайтын барельефтері бар әшекейленген қуыстар жасалынған.
Барельефтердің біреуінде Республиканың тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев бейнеленген. Мүсіннің биіктігі 91 метрді құрайды, бұл өз кезегінде Қазақстан тәуелсіз атанған 1991 жылды білдіреді. Негізгі монументтің артында ақ мәрмәрдан құйылған колонада орналасқан. Қазақ Елі монументі қазақстандық мемлекеттің негізгі құндылықтарын бейнелейді және еліміздегі жаңа нышандардың бірі болып табылады. Монументтің жалпы аумағы 5,0 гектарды, іргелес аумағы – 11 гектарды құрайды.























































