Бұл туристер мен қала тұрғындары үшін керемет демалыс орны – саябақта жылы жазғы кеште қыдыра отырып, уақытты тамаша өткізуге болады, ал күн батқаннан кейін – билейтін әуенді фонтанды тамашалайсыз. Сол жағалауды екіге бөлетін кең саяжолы да бар. Объект аса күрделі болып табылады.
Желекжолы екі павильоннан тұратын галлерея түріндегі үш деңгейлі құрылыс ретінде салынған. Мұнда әйнектелген өтпелі жолдарды, ашық галереяларды, жасыл гүлзарларды, түрлі-түсті жаяужолдарды, музыкалық фонтандар бар алып ыдыстарды көруге болады.























































