Күмбез кеңістігі гримдеу бөлмесі, барлық қажетті жарық және дыбыс аппаратурасы бар кәсіби сахнамен жабдықталған. «Думан» ойын-сауық орталығында 400 көлікке арналған автотұрақ бар. Мұхитарал үлкен басты резервуардан және түрлі көлемдегі он бір резервуардан тұратын екі көрме бөлімінен тұрады.
Мұхитаралдың ең қызықты орны – түбінде ұзындығы 70 метр болатын туннель орналасқан және жуандығы 7 см. таза акрилден жасалынған басты резервуры. Осы су асты туннелі арқылы сіз су түбінде, жыртқыш акулалардан қолжетімді арақашықтықта болғандай жүре аласыз. Ихтиофаунаның түр-түрін көріп, гидтерден бірегей балықтар мен теңіз жануарлары туралы толық ақпараты ала аласыз.























































