Құрылғанына жеті жыл болған «Құланшы» орталығы қазіргі заманның өнері саласындағы көптеген бағыттарды насихаттау мен ілгерілету бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Орталықты құрудың басты бастамашысы және оның жетекшісі Лейла Махат болып табылады. Орталықтың көрмеге қою қызметі қазақстандық және шетелдік суретшілердің көрмелерін кем дегенде айында бір рет кезеңділікпен ұйымдастыруға негізделеді. «Құланшы» орталығының халықаралық жетекшілік кеңесі әлеуетті жобаларды қандай да бір аумақтық шектеулерсіз қарастыратынын атап кеткеніміз жөн.
Бейнелеу өнерінің сарапшылары мен Қазақстанның, Германияның, Италияның, Испания мен Израильдің көрме жетекшілері әрбір суретшінің (немесе шығармашылық топтың) туындыларын орталықтың бейнелеу өнерін насихаттау жөніндегі жұмысының тұжырымдамасына сәйкес суретшілердің кәсіптік деңгейінің көрсеткіштерін ғана негізге ала отырып, көрмені ұйымдастыру тұрғысынан қарастырады. Орталықтың 1000 шаршы метрден астам аумақты алып жатқан көрме залдарында соңғы жылдары Қазақстанның барлық өңірлерінен келген суретшілердің, сондай-ақ АҚШ, Бразилия, Италия, Нидерланды Корольдігі, Чех Республикасы, Үндістан, Қытай, Ресей, Франция, Түркия, Грузия, Корея, Қырғызстан, Германия мен Испания суретшілерінің көрмелері өткізілді.
«Құланшы» тұрақты экспозициясында баспа графикасы залдарының жұмыс істеуі басты жетістіктердің бірі болып табылады, онда Пабло Пикассо, Сальвадор Дали және Марк Шагал литографияларының түпнұсқалары қойылған. Орталықтың көрме залдарының келушілеріне Рембранд ван Рейн мен Альбрехт Дюрердің неміс реставраторлары қалпына келтірген графикалық жұмыстары қолжетімді. Орталықта өтетін көрмелер терең зерттеу жұмысымен сүйемелденеді. Орталықтың әрбір жобасы теориялық және практикалық мастер-кластардың міндетті түрде өткізілуін қамтитынын атап өткен жөн. Қазақстандық жас суретшілердің әлемнің түрлі елдерінен келген атақты шеберлердің дағдыларын игере отырып, көркем салу мен графикалық орындаудың түрлі машықтарын зерделеуге тамаша мүмкіндігі бар. Құланшының мерзімдік жобалары Қазақстанның бейнелеу өнерін шетелде және шетелдік өнерді Қазақстанда дәріптеуге бағытталған.
Мұндай жобалардың ішінде ART FORUM KULANSHI халықаралық өнердің жыл сайынғы фестивалі ерекше орын алады. Алыс және таяу шетелден келген суретшілер өз жұмыстары мен білгендерін Қазақстан астанасына әкеледі, ал кетерінде ерекше әсер алып, жаңа шығармашылық ойлар мен астаналық көрермендердің оның еңбегіне деген сүйіспеншілікпен қарағанын сезеді. Жастар қазақстандық өнері «Құланшы» қазіргі заман өнер орталығының көрме алаңдарын жыл сайын толтырады. Жобаның «Осы жерді және дәл қазір» деген атауы жоба рухына – Қазақстанның жас заманауи өнерінің рухына сәйкес келеді. Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның өңірлерінен шыққан суретшілердің қазіргі қазақ өнерінің көшпелі көрмесі «Жусан иісі» деп аталады. Осы көрме Нью-Йорк, Пекин және Берлин сияқты әлемнің ірі қалаларында болды. Шақырулар және мұражайлар, галлереялармен ынтымақтастық жасау туралы ұсыныстардың саны жобаның керемет даму перспективасы бар екенін болжамдауға мүмкіндік береді. «Құланшы» орталығының бүкіл қызметі Қазақстан Республикасында мәдениет пен өнерді дамытуға бағытталған, Орталық көркемөнерді қолдауды ғана емес, сондай-ақ оны қоғам үшін түсінікті және қолжетімді ету мақсатын қойып отыр.























































