С.Е. Макаровтың ірі халықаралық бағдарламалар мен шағын инновациялық бизнесті дамыту жобаларында 20-жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Ол 2004 жылдан бастап ғылымды қажетсінетін технологияларды коммерциялау, технологиялық брокерлік және инновациялық кәсіпкерлік салаларына тартылған.
Технологияларды жылжытумен, ҒЗТҚЖ (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық жұмыстар) жобаларын басқарумен, технологияларды коммерциялау әлеуетін бағалаумен, зияткерлік меншікті коммерциялау стратегиясын әзірлеумен, бизнес-үлгілерді әзірлеумен, коммерциялау жобаларын басқарумен айналысты.
Коммерциялау бағдарламаларының барлық кезеңдеріне белсенді қатысуының арқасында С.Е. Макаров мемлекеттік билік органдарымен, халықаралық және үкіметаралық ұйымдармен, сондай-ақ түрлі деңгейдегі инвесторлармен жұмыс жасаудың бағалы тәжірибесіне қол жеткізді. С.Е. Макаров «Technology Push» (Томск, Ресей), сондай-ақ Commercialization Reactor» (Латвия, Ресей, Армения) іс-шараларының циклінің бастамашыларының бірі болып табылады.
С.Е. Макаров бірнеше жылдар бойы бастапқы кезеңдер инвесторлары үшін мәмілелер ағымын қалыптастыру үшін Ресей, ТМД және Грузияның аумақтық бизнес-сарапшыларының торабын қалыптастыруды жүзеге асырды. Оның технологиялық кәсіпкерлер мен инновациялық менеджерлерді іздеу және іріктеу, «Investment Readiness» коучинг-сессияларын өткізу және инновациялық мәмілелерді дайындау бойынша жұмыстарының нәтижесінде 15-тен астам бастапқы кезеңдегі компанияларды дайындаған.





















































