Көркемдік көлемімен және заманауи құрылыстық әдістеменің арқасында «Қазақстан» орталық концерт залы Президент Резеденциясымен, Сенат және Мәжіліс ғимаратымен тамаша үйлесім тапқан. Сыйымдылығы жағынан үш мың бес жүз он екі шаршы метр аумақты қамтитын концерт залы симфоникалық және камералық музыка концерттерін, сауық кештері мен опера және балет театр қойылымдарын, кино көрсетілімдерін, сондай-ақ саяси іс-шараларды ұйымдастыруға лайықталған, әлем бойынша ең үлкен ғимарат болып табылады.
Идея авторы – Манфреди Николетти.
Құрылыстың табиғи принциптерімен әлемге аты мәшһүр болған Манфреди Николетти бүгінгі күні сұранысқа ие авангардтты жабалаушылардың бірі. Николлети әзірлеген Қазақстан орталық концерт залын мәртебесі бойынша бүгінгі күні Сидней қаласындағы австралиялық опера театрымен теңестіруде. Осы тәрізді қайталанбас жоба бүгінгі күні ТМД елдерінің біреуінде де жоқ, сонымен бірге ол Қазақстан Республикасындағы ең маңызды ғимараттардың бірі болып табылады. Тіпті бұл ғимараттың едені де акустикалық сипаттағы төсенішпен қапталған. Мұнда барлық жаңа технологиялар жинақталған және қандай да бір кездейсоқ материал не тігіс жоқ. Бір адам бір дистанциялық пультпен басқаратын көп функциялы сахна ерекше назар аударуды қажет етеді (сахнаның аумағы 274 ш.м.). Сахнаның алдыңғы қатарында оркестрлік шұңқыр орналасқан. Түсіп-шығу ұзақтығы 4 минутты құрайтын бұл оркестрлік шұңқырдың тереңдігі 4,5 метр және де оркестрдің өзіндік шығу есігі де қарастырылған. Ал сахнаның артқы бөлігі арнайы хор топтарына бейімделген, ол өз алдына дистанциялық пультпен басқарудың арқасында 2 метр биіктікке дейін көтерілетін 7 хор баспалдағынан құралған. Аталған жобаның құрылысы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің бастамасымен жүзеге асты. Алғысымыз бен ілтипатымызды білдіре отырып, Елбасының мәдениет саласының дамуына ерекше назар аударуының арқасында елімізде «Қазақстан» орталық концерт залы тәрізді ерекше, қайталанбас құрылыс жобаларының бой көтеруі қуантарлық жайт екендігін атап кеткеніміз жөн.























































